«Желтоқсанда мұзға жаққан арулардың алауы...»
2023-12-12

14 желтоқсан күні орталығымызда «Желтоқсанда мұзға жаққан арулардың алауы...» атты рухани-танымдық шара өтеді. Еліміз үшін қастерлі әрі қасиетті мереке Тәуелсіздік күніне арналған шараға Желтоқсан оқиғасының куәгерлері арнайы қатыспақ. Тарихымызды танып, ұлттық батырларымызға тағзым етуге әрі жас ұрпаққа рухани-патриоттық тәрбие беруге бағытталған кездесуге баршаңызды шақырамыз!