ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ
2024-04-22
???? Орталық базасында өткен кезекті шара осылай аталды. «Мансап» мектебімен бірлескен кездесуге жоғары сынып оқушылары қатысып, өздерін толғандырған мәселелерді ашық талқылады. Еркін форматтағы жиында мектептің ішкі тәртібі мен оқушы қалауы, қыз баланың құқығы және қауіпсіздігі, жар таңдау, жыныстық сауаттылық сынды актуалды тақырыптар сөз болды.
✅ Кездесуде қатысушылар өзекті сауалдарға орталық психологымен бірлесе жауап іздеді. Маңызды мәселелердің шешімін табуда қыздар барынша белсенділік танытып, өз ойларын еркін жеткізуі үшін Аруна Асылбекқызы психологиялық жаттығулар ұйымдастырып, кәсіби кеңесімен бөлісті.