Сыбайлас жемқорлықпен күрес – баршаға ортақ міндет
2024-04-04

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары» тақырыбындағы шараға «AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес Төрағасы М.Нәлібаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің облыс бойынша департаменті бас маманы С.Жұмаев және бірқатар сала мамандары қатысты.

Күн тәртібіндегі өткір мәселенің алдын алу бағытындағы дөңгелек үстелде қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністеріне теріс қарым-қатынасты қалыптастыру, жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу және Әдеп кодексінің нормаларын сақтау төңірегінде ой-пікір алмасып, ұсыныстарын жеткізді.