Бүгін орталығымызда өткен келелі кездесуге осы тақырып арқау болды. Шараға қоғам қайраткері, тіл жанашыры Оразкүл Асанғазы арнайы қатысып, отбасы құндылығы, жанұядағы ер-азаматтың беделі, қоғамдағы әйелдің рөлі, адам өміріне ата тегінің әсері сынды өзекті мәселелерді тілге тиек етті. Әсіресе, ұлттық болмысымызды сақтаудағы ана тіліміздің мән-маңызы, бала тәрбиесі тақырыптарында қатысушылармен тағылымды пікір алмасу өрбіді.
Жалпы, Оразкүл Асанғазы – төл дәстүрді сақтау, жас ұрпақтың бойына саналы тәрбие сіңіру, шаңырақтың беріктігі мен берекесін арттыру бағытында рухани әңгіме, орамды ойларымен көпшіліктің алғыс-ықыласына бөленіп жүрген жан. «Анаға тағзым» орталығының мақсат-мүддесімен танысқан қоғам қайраткері ұлттық құндылықтарды насихаттау бағытындағы ілкімді істерге оң бағасын берді.