«Алтын ұя» отбасылық квестіне қатысуға шақырамыз!

2025-06-12
ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР!
Сіздерді «Анаға тағзым» орталығының жаңа жобасы «Алтын ұя» отбасылық квестіне қатысуға шақырамыз!
Отбасылық құндылықтарды дәріптеп, жанұя мүшелерінің өзара татулығын арттыру, туыстық қарым-қатынастың берік сақталуына ықпал ету мақсатындағы зияткерлік ойында тек жанұя мүшелерінен құралған топтар бақ сынай алады. Әр топта 4 адамнан болуы шарт. Қатысушылардың білім деңгейі мен зеректігін анықтауға бағытталған квестте командалар бірнеше локацияда болып, арнайы QR код арқылы сұрақтарға жауап береді.
Қосымша ақпаратты 8 776 885 20 00 байланыс телефонына хабарласу арқылы алуға болады.
16 маусымға дейін тіркеліп үлгеріңіздер! Тіркелу үшін осы сілтеме бойынша өтіңіз: https://forms.gle/GgYznvGF7UaXVFXX7