Қазақстанда алғаш рет «12 мамыр – Аналар күні» мерекесі атап өтілмек. Ерекше датаға орай «Анаға тағзым» орталығы 2-9 мамыр аралығында «Анам жайлы айтайын...» тақырыбында үздік постқа байқау жариялайды.
Жеңімпаздар демеушіміз @modex_kzoo ұсынған бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Байқау шарттары:
Мәтінде байқауға қатысушы анасының жетістігін, ерекше қырын, өнегелі ісін креативті түрде баяндап, мерекесімен құттықтауы керек;
@anaga_tagzym.kzo және @modex_kzoo инстаграм парақшаларына тіркелуі қажет;
Пост мәтіні 2200 таңбадан аспауы керек;
#анамжайлыайтайын хэштегімен жариялап, @anaga_tagzym.kzo инстапарақшасын белгілеуі міндетті.
Олай болса, сәттілік! Бүгіннен бастап байқауға қатысып, белсенділік танытыңыздар!
Жеңімпаздар 10 мамыр күні анықталады.
Әлемжеліде анаң жайлы әдемі естелігіңмен бөліс!