«Жадыңда болсын, жас ана!»
2023-11-14

Құрметті қыз-келіншектер! Әсіресе, сәби күтіп жүрген жүкті аналар! 16 қараша күні орталығымызда «Жадыңда болсын, жас ана!» тақырыбында форсайт сессия өтетінін өздеріңізге қуана хабарлаймыз. Болашақ аналарға арналған шарамызға гинеколог, психолог, акушер, т.б. мамандар қатысып, ең өзекті деген тақырыптар төңірегінде кеңес береді. Мәселен, жүктілікке дұрыс дайындалу, босанғанған кейінгі депрессия, күйзелістің алдын алу, перзентханаға қажетті заттарды сауатты дайындау секілді маңызды мәселелер сөз болмақ. Еркін форматта өтетін форсайт сессияға қатысамын деушілерге есігіміз ашық.