Все новости
2024-04-27
ЖАСТАРДЫ АДАЛДЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕЙТІН ОРТАЛЫҚ БОЛСЫН!
«Анаға тағзым» төрінен табылған ҚР Парламенті Сенатының депутаттары осындай ізгі тілегін жеткізді. Сыр өңіріне іс-сапары барысында ғимаратқа арнайы ат басын бұрған мәртебелі меймандар өскелең ұрпаққа өміршең құндылықтарды дәріптеудегі тиімді тетіктермен танысты.
2024-04-26
ҚР ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ СЫР ӨҢІРІНДЕ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУДА
Кенжелеп қалған өнер киіз басуды өскелең ұрпаққа дәріптеп, насихаттау, өзара тәжірибе алмасу мақсатында Сырдария ауданы, Айдарлы ауылында ерекше форматтағы шеберлік сағаттары өтуде. Алматы, Түркістан, Шымкент өңірлерінен арнайы келген қолөнер шеберлері текемет басудың қызылордалық әдіс-тәсілдерін үйреніп, өз білгендерімен бөлісіп жатыр.
2024-04-26
АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР САЛАСЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР МЕРЕКЕСІ
Күні кеше орталық базасында аймақтың ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында елеулі еңбек етіп жүрген қыз-келіншектерге құрмет көрсетілді. Мерекелік жиын облыс әкімі аппаратының цифрлық технологиялар бөлімінің басшысы Сәбит Ибадулланың құттықтауымен басталды. Мұнан соң, «Astana HUB» халықаралық технопаркінің өкілдері ZOOM платформасы арқылы жиынға қосылып, IT саласындағы қыз-келіншектердің үлесі мен жетістіктеріне тоқталды. Елімізде қарқынды түрде дамып келе жатқан ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы жобалар мен бағдарламаларды тілге тиек етті.
2024-04-25
КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯНЫҢ МҮМКІНДІГІ ТҮСІНДІРІЛДІ
Орталық базасында облыстағы аудан және ауылдық мәдениет үйлерінің қызметкерлеріне арналған семирнар өтті. Жиынның басты тақырыбы креативті индустрияға арналып, оның жеңілдігі мен мүмкіндігі талқыланды.
2024-04-22
ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ
Орталық базасында өткен кезекті шара осылай аталды. «Мансап» мектебімен бірлескен кездесуге жоғары сынып оқушылары қатысып, өздерін толғандырған мәселелерді ашық талқылады. Еркін форматтағы жиында мектептің ішкі тәртібі мен оқушы қалауы, қыз баланың құқығы және қауіпсіздігі, жар таңдау, жыныстық сауаттылық сынды актуалды тақырыптар сөз болды.
2024-04-22
ЖІГЕРЛІ ЖҮРЕК
Ерекше бала тәрбиелеп отырған аналарға әрдайым қолдау керек. Бар уақытын, күш-жігерін, арман-мақсатын перзент саулығына бағыттаған әйелдер үшін орталық базасында TED Talk форматында кездесу өтті. Басты мақсат – психикалық дамуында тежеуі бар балғындардың аналарына рухани әрі психологиялық көмек көрсету. Көкейдегі сауалдарына жауап табуға, өзара тәжірибе алмасуларына, сондай-ақ, тиісті сала мамандарымен бетпе-бет сұхбат құруға мүмкіндік жасау.